Жезқазған педагогикалық институтын «География және биология пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша ойдағыдай тәмамдаған Жұмағали Магзиев туған жеріне оралып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты.
2011 жылдан бастап №26 Қарағанды кәсіптік лицейінің директор қызметін атқарып, білім беру ұйымының дам...
Gallery is empty.
Biography: МАГЗИЕВ ЖУМАГАЛИ ДИЯРОВИЧ
Жезқазған педагогикалық институтын «География және биология пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша ойдағыдай тәмамдаған Жұмағали Магзиев туған жеріне оралып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты.
2011 жылдан бастап №26 Қарағанды кәсіптік лицейінің директор қызметін атқарып, білім беру ұйымының дамуына елеулі үлес қосты. Оның басшылығы кезінде оқу орны колледж мәртебесіне ие болып, Қарағанды техника-құрылыс колледжі болып қайта құрылды. Басшы ретінде ұжымның ұйымшылдығы мен тұрақты дамуына, білім беру сапасын арттыруға және колледждің қоғамдағы беделін нығайтуға ерекше көңіл бөлді. Оның басқару тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеті колледждің даму тарихында өзіндік із қалдырды.
«Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі»;
«Кәсіптік техникалық білімге - 75 жыл», Қазақстан Республикасы KASIPODAQTAR FEDERATSIASY «Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» төсбелгілерінің иегері;
2017 жылы есімі Қарағанды облысының «ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАРЫ» энциклопедиясына енгізілді;
«Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі»;
«Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» Қарағанды облысы бойынша ғылыми қызметкері;
Тарих ғылымдарының магистрі;
𝗫𝗜𝗩 𝗢𝗽𝗲𝗻 𝗘𝘂𝗿𝗮𝘀𝗶𝗮 (𝗘𝘂𝗿𝗮𝘀𝗶𝗮𝗻 𝗖𝗿𝗲𝗮𝘁𝗶𝘃𝗲 𝗚𝘂𝗶𝗹𝗱, 𝗟𝗼𝗻𝗱𝗼𝗻) 𝟮𝟬𝟮𝟱/𝟮𝟬𝟮𝟲 - халықаралық конкурсының 𝗜 -дәрежелі лауреаты.
Жумагали Магзиевтің саналы ғұмыры білім беру, мемлекеттік басқару және қоғамдық қызмет салаларындағы еңбекпен, ізденіспен және ел игілігіне қызмет етумен сабақтасып келеді.